Атырау, 26 желтоқсан 12:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

"Бізге де тиесілі": Жириновскийдің туыстары мұра үшін тартысуда

374 рет қаралды
© РИА Новости / Руслан Кривобок

2025 жылдың 3 маусымында Мәскеудегі Преображенский аудандық соты саясаткер Владимир Жириновскийдің туысы Елена Листопадованың сот шешіміне қарсы апелляциялық шағымын тіркеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Листопадова Жириновскийдің ұлдары Давид Гарсиа (шын есімі – Игорь Лебедев) мен Олег Эйдельштейнге қарсы өле-өлгенше асырау туралы шартты жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз түсірген болатын. Алайда сот бұл талапты қанағаттандырмай, ұлдарының пайдасына шешім шығарды.

Сот деректеріне сүйенсек, талапкерлер – Елена Листопадова мен Наталья Соколова Жириновскийдің жиендері болып табылады. Олар сонымен қатар марқұмның мұрасын қайтарып, заңсыз иеліктен мүлікті алып қою туралы да өтініш білдірген. Алайда бұл талаптары да қанағаттандырылған жоқ.

Бұл іс 2022 жылдың желтоқсанынан бері қаралып келген.

Айта кетейік, ресейлік саясаткер, ЛДПР партиясының негізін қалаушы Владимир Жириновский ұзаққа созылған ауыр сырқаттан кейін 2022 жылдың 6 сәуірінде дүниеден өткен.

4 маусым, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.