Атырау, 26 желтоқсан 12:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

​Илон Маск Трамптың басты заң жобасын «жиркенішті» деп атады

432 рет қаралды

Илон Маск АҚ үйдегі қоғамдық қызметін тоқтатқаннан кейін, Дональд Трамптың ішкі саясаттағы басты бастамаларының бірі — «Бір Үлкен Керемет Заң» деп аталған салық және бюджет шығындары туралы заң жобасын ашық түрде сынға алды. Ол бұл құжатты «жиркенішті сұмдық» деп атады, деп хабарлайды BBC.

- Кешіріңіздер, бірақ мен бұдан былай шыдай алмаймын. Бұл орасан зор, ашықтан-ашық масқара, «шошқа етіне» (яғни артық шығынға) толы шығындар туралы заң — жиркенішті. Оған дауыс бергендерге ұят: сіздер өз істеріңіздің жаман екенін білесіздер, — деп жазды Маск өзінің X (бұрынғы Twitter) желісінде.

АҚШ-та «шошқа еті» («pork» немесе «pork barrel») деп саясаткерлер белгілі бір тар топтардың, бизнес өкілдерінің немесе өз мүдделеріне сай лобби жасап, бюджеттен бөлгізген артық және қажетсіз шығындарды атайды.

«Бір Үлкен Керемет Заң» деп аталған бұл заң жобасы мамыр айында Өкілдер палатасында қабылданды, ал маусымда оны Сенат мақұлдамақ.

Илон Маск X желісіндегі бірқатар жазбасында бұл заң АҚШ-тың онсыз да өте үлкен бюджет тапшылығын 2,5 триллион долларға дейін ұлғайтып, қарапайым азаматтардың мойнына зор қарыз жүгін артатынын мәлімдеді.

4 маусым, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.