Атырау, 5 желтоқсан 07:09
 ашықВ Атырау +1
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырау облысында жазғы лагерьлер жұмысын бастады

639 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр

Атырау облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында облыстық мектеп жанынан 167 лагерь ашылып, онда 10 мыңға жуық бала өз уақыттарын пайдалы өткізеді,- деді Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қаладағы №50 «Жайлы мектеп» жанынан ашылған «Жайлы Camp» жазғы сауықтыру лагері де өз жұмысын бастады. Мұнда бастауыш сыныптан 50 оқушы қамтылған.

- Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалған. Лагерьде жұмыс істеп жатқан тәрбиешілер – білікті мамандар. Олар оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, түрлі танымдық, спорттық және мәдени шаралар өткізіп келеді, – деді «Жайлы Camp» лагерінің басшысы Құрмангүл Ахмедьярова.

Лагерь қызметі ҚР үкіметінің №64 қаулы негізінде ұйымдастырылған. Балалар көпбалалы, аз қамтылған, күнкөріс деңгейі төмен отбасылардан, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан іріктеліп қабылданған.

- Жаңадан ашылған лагерьге қатысып жатқаныма қуаныштымын. Маған өте ұнады! Тамақтары дәмді, тәрбиешілер мейірімді. Көп дос таптым. Күн сайын түрлі концерт пен спорттық ойындар өткізіледі — әр күні ерекше, - деді оқушы Айзере Аманқос.

Айта өтейік, Атырау облысы бойынша 5-10 сынып оқушыларына арналған 560 бейіндік лагерь жұмыс істейді.

4 маусым, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.