Атырау, 26 желтоқсан 12:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Сириялықтар Құрбан айт қарсаңында жаппай отанына оралуда

529 рет қаралды

Сирияда басталған азаматтық соғыстан кейін Түркияда ұзақ уақыт бойы өмір сүріп келген ондаған сириялық азамат Құрбан айт мейрамы қарсаңында отанына жаппай орала бастады. Бұл азаматтарға 61 жылға созылған Башар Асад режимінің құлатылуынан кейін елге қайту мүмкіндігі туып отыр, деп хабарлайды АА.

Сириялық отбасылар Түркияның Килис провинциясындағы Онжүпынар шекара өткеліне келіп, Сирияға тұрақты түрде оралу үшін қажетті рәсімдерден өтуде. Мереке қарсаңында шекарадағы қозғалыс айтарлықтай күшейген. Өткізу бекеттерінде ұзын-сонар кезектер пайда болды.

25 жастағы Ахмед Исмаил Anadolu агенттігінің тілшісіне Сирияны жеті жыл бұрын соғыс салдарынан тастап кетуге мәжбүр болғанын, осы уақыт бойы Түркияда паналап келгенін айтты.

«Бұл уақыттың бәрінде менің ойым отанымда болды. Сириядағы соғыс аяқталды, енді мен елге ораламын. Президент Режеп Тайып Ердоғанға және бүкіл түрік халқына алғыс айтамын. Құрбан айт мерекесін өз отанымда қарсы алатыныма қуаныштымын», – деді ол.

19 жастағы Экрем Омер де соғыс аяқталғаннан кейін қайтуға шешім қабылдағанын айтты.

«Мерекені өз елімде, отбасыммен бірге қарсы алатыныма өте қуаныштымын», – деді ол.

23 жастағы Зейд Эльджубейди соғыстан қашып Түркияға келгенін, ал енді оның туған аймағында бейбітшілік орнағаннан кейін үйіне қайтуды ұйғарғанын айтты.

«Мен отбасымды төрт жылдан бері көрмедім. Олармен қайта қауышып, мерекені бірге өткізу мен үшін үлкен бақыт. Түркия мен түрік халқына алғысым шексіз», – деді ол.
3 маусым, 18:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.