
Атырау облысына 2025 жылғы маусым айына 7089 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады.
Сонымен қатар Энергетика министрлігіне қосымша 3000 тонна көлемінде сұйытылған газ бөлу жөнінде сұраныс жолданған.
Ресми мәліметке сәйкес, өңірде 101 автогаз құю станциясы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта сұйытылған газдың жеткілікті қоры жасақталған, сондықтан тапшылық күтілмейді.
В Атырау +4