Атырау, 26 желтоқсан 14:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Стамбұл келіссөздері: Ресей оқ атуды сөзсіз тоқтатудан бас тартты

532 рет қаралды
Сурет: АА

2025 жылғы 2 маусым күні Стамбұлда Ресей мен Украина делегацияларының екінші келіссөздер раунды аяқталды. Кездесу Чыраған сарайында өтті және бір сағаттан астам уақытқа созылды. Сарай аумағын арнайы жасақ күзеткен, деп хабарлайды Euronews.

Украина тарапының мәлімдемелері

Украина Президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, тараптар Түркия арқылы құжаттармен алмасты және әскери тұтқындарды босатуға дайындық жүріп жатыр.

Украина Қорғаныс министрі, делегация басшысы Рустем Умеров келіссөздер нәтижесінде келесі бағыттарда уағдаластық жасалғанын хабарлады:

  • Ауыр жараланған және ауыр науқас тұтқындарды "бәріне – бәрі" қағидасы бойынша алмастыру;

  • 18-25 жас аралығындағы жас сарбаздар да "бәріне – бәрі" қағидасымен қайтарылады;

  • Қаза тапқан 6000 сарбаздың мәйіттерін өзара қайтару.

Умеров екі тарап та бір апта ішінде ұсынылған құжаттарды зерделеп, келесі қадамдарын үйлестіретінін айтты. Сонымен қатар, Украина маусым айының соңына дейін екі ел басшыларының кездесуін өткізуді ұсынды.

Украина Президенті Кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Ресейге заңсыз депортацияланған украиналық балалардың тізімін ресми түрде тапсырғандарын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жүздеген бала – олардың қайда екені белгілі, және олар Украинаға қайтарылуы тиіс. Ермак "шынайы ізгі ниет – бұл сөз емес, іс" деп атап өтті.

Ресей тарапының мәлімдемелері

Ресей делегациясын президент көмекшісі Владимир Мединский басқарды. Ол Украина тапсырған балалардың 339 есімі бар тізімді көрсетті және Украина "европалық аудиторияға арналған шоу" ұйымдастырып жатыр деп мәлімдеді.

Ресей тарабы 101 баланы қайтарғанын, ал Украина – 20-дей баланы ғана қайтарғанын алға тартты. Алайда Украина ресми деректері бойынша, Ресейде заңсыз депортацияланған 20 000-нан астам украин баласы бар, ал Йель университетінің зерттеуіне сәйкес, бұл көрсеткіш 35 000-ға дейін жетуі мүмкін.

Ресей тарапы Украинаға 2–3 күнге кейбір бағыттарда оқ атуды тоқтату туралы ұсыныс жасағанын, ауыр жараланғандарды алмастыру үшін медициналық комиссиялар құрылатынын, ал қаза тапқан сарбаздардың мәйіттері келесі аптада қайтарылатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Ресей екі бөлімнен тұратын меморандум ұсынып, онда соғысты тоқтату шарттары жазылған:

  • Украина Қарулы күштері Ресей аннексиялаған аумақтардан (Запорожье, Херсон, ЛХР, ДХР) толық шығарылуы керек;

  • Украинада мобилизацияны тоқтатып, демобилизация басталуы тиіс;

  • Украинаға әскери көмек көрсетуді тоқтату (соның ішінде спутниктік байланыс пен барлау деректерін беру);

  • Үшінші елдердің Украинадағы әскери қатысуын тоқтату;

  • Украина тарапынан Ресейге қарсы диверсиялық әрекеттерден бас тарту;

  • Оқ атуды тоқтату режимін бақылау үшін бірлескен мониторинг орталығын құру;

  • "Саяси тұтқындарға" өзара рақымшылық жариялау және азаматтық тұлғаларды босату;

  • Украинада әскери жағдайды алып тастау және 100 күн ішінде президент пен Жоғарғы Раданың сайлауын өткізу.

Түркия СІМ өкілі келіссөздер «теріс сипатта өткен жоқ» деп мәлімдеді.

Ресей делегациясының құрамында СІМ орынбасары Михаил Галузин, РФ ҚК Бас штабының ГРУ басшысы Игорь Костюков және Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин болды.

3 маусым, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.