Атырау, 5 желтоқсан 08:55
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Нигерия Қазақстаннан мұнай мен газ тасымалдаудың озық әдістерін үйренбек

603 рет қаралды

Нигерия Қазақстанның мұнай мен газ саласындағы технологиялық жетістіктері мен инжинирингтік мүмкіндіктеріне зор қызығушылық танытып отыр. Бұл жөнінде ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен Нигерияның Ифе халқының королі – Ұлы мәртебелі Огунвуси Адейейенің кездесуі барысында айтылды.

Нигериялық тарап мұнай мен газды тасымалдаудың қазақстандық заманауи тәсілдерін (құрлықтық және теңіз бағыттары бойынша) зерттеп, өз мамандарын Қазақстанда оқыту мүмкіндігін қарастыруға ниетті екенін жеткізді.

– Қазақстан мұнай-газ саласындағы жинақтаған тәжірибесін бөлісуге дайын. Біздің компаниялар бұл салада қажетті кәсіби әлеуетке ие. Қажет болса, оларды бірлескен энергетикалық жобаларға қатыстыруға мүмкіндік бар. Мұндай серіктестік отандық сервистік секторды дамытуға және қазақстандық компаниялардың халықаралық нарықтарға шығуына жол ашады, – деді министр Ерлан Ақкенженов.

Кездесуде Қазақстанның ірі кен орындарын игеру, күрделі инфрақұрылымды дамыту, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ішкі нарықты нығайту бағытында жинақтаған мол тәжірибесі халықаралық ынтымақтастық үшін берік негіз екені атап өтілді.

Тараптар алдағы уақытта екі елдің мамандары ықтимал жобаларды егжей-тегжейлі зерттеп, өзара тиімді әріптестікті дамыту бағытында тығыз байланыс орнатуға уағдаласты.

3 маусым, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.