Атырау, 8 желтоқсан 15:21
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырау облысында қамыс өрті сөндірілді

Бейнежазба
728 рет қаралды
Видеодан стоп-кадр

Атырау облысында қамыс алқаптарында тұтанған өрт толықтай сөндірілді.

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы қамысты алқапта шыққан өрт алдын ала есеп бойынша 1050 гектар аумақты шарпыған. Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) өрт орнында үздіксіз байланыс орнату үшін командалық-штабтық машинаны (КШМ) орналастырды.

Өртті сөндіру жұмыстарына су шашатын құрылғысы бар ТЖМ тікұшағы тартылды. Әуеден 10 мәрте су төгіліп, жалпы көлемі 30 тонна су пайдаланылды.

 Аталған оқиғаға Атырау облысы ТЖД және «Ақжайық» резерватының 110 маманы, 26 техника, сондай-ақ ТЖМ-ге қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды.

Өрт сөндірушілер қатты жел мен батпақты жерлерге қарамастан күрделі жағдайда жұмыс атқарды.

Өрт болған аумаққа техникамен жету қиынға соққандықтан, Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе күштері көмекке тартылды.


2 маусым, 17:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.