
Атырау қаласында Жайық өзені жағалауындағы 7 жыл бұрын құрылысы тоқтап қалған спорт кешенінің құрылысы қайта жанданды.
Жұмыстары жобалық-сметалық құжаттамаға енгізілген түзетулерден кейін мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда «Vek-Stroy-Com» ЖШС мердігер мекемесімен нысанда бөлшектеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Барлық құрылыс жұмыстары бекітілген өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.
Нысанды 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Жаңа спорт кешенінде олимпиадалық спорт түрлеріне арналған заманауи спорт залдары болады. Бұл кешен облыстың спорт инфрақұрылымын дамытуда маңызды нысандардың бірі болмақ.
В Атырау 0 

