
Жарылыс 2 маусым күні сағат 13:55 шамасында Алматы қаласының Алатау ауданындағы Шапағат ықшамауданында болды, деп жазады NEGE.
Газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан үйдің бір бөлігі опырылып, ер адам қаза тапты. 1949 жылы туған ер адамның денесі үйінді астынан табылды. Өрт шықпаған, алайда ғимарат толықтай опырылып құлаған.
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары, қалалық құтқару қызметі және Апаттар медицинасы орталығының мамандары жұмыс жүргізіп жатыр.
Қазіргі таңда жарылыстың себептері мен мән-жайларын тергеу тобы анықтап жатыр.
В Атырау 0