Атырау, 8 желтоқсан 15:37
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Заңсыз сыйақы мемлекетке қайтарылды

388 рет қаралды
Фото: freepik.com

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы прокуратурасы бюджет заңнамасының сақталуын талдау барысында Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғанын анықтады.

Белгілі болғандай, ол қолданылып жүрген тәртіптік жаза бола тұра, өзіне заңсыз түрде 766 510 теңге көлемінде сыйақы тағайындаған.

Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасы 2025 жылдың 17 наурызында Батыс-Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Департаментінің тәртіптік кеңесіне қадағалау актісін енгізді.

Ұсынысты қарау нәтижелері бойынша, тәртіптік кеңестік ұсынымына сәйкес, Жәнібек ауданы әкімінің өкімімен Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік лауазымынан босатылды, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 44-бабының 3-тармағына сәйкес.

Мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.

2 маусым, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.