Атырау, 5 желтоқсан 08:37
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Трамп әкімшілігі Иранға қарсы қысымды уақытша доғарды

406 рет қаралды
Getty Images

The Wall Street Journal басылымының Ақ үйге жақын дереккөзге сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ президенті әкімшілігі Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізуге қатысты барлық жұмысты уақытша тоқтатқан, деп хабарлайды Газета.Ru.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт бұл шешім туралы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің, Қаржы министрлігінің және Мемлекеттік департаменттің жоғары лауазымды шенеуніктеріне хабарлаған.

Агенттік дереккөзіне сүйенсек, АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қысым көрсетуге бағытталған «максималды қысым» саясаты тұралап қалды. Трамп бұл стратегияны алғаш 2017–2021 жылдардағы президенттік мерзімінде қолданған, және 2025 жылдың қаңтарында Ақ үйге қайта оралған соң қайта бастады.

Ақ үйдің баспасөз хатшысының орынбасары Анна Келли бұл ақпаратты жоққа шығарған жоқ. Ол санкцияларға қатысты кез келген жаңа шешімді Трамп әкімшілігі немесе тиісті мемлекеттік органдар жариялайтынын айтты.

Вашингтон соңғы рет Иранға қарсы санкцияларды 2025 жылдың мамыр айының ортасында, ядролық бағдарлама бойынша келіссөздер жүріп жатқан тұста кеңейткен болатын. WSJ мәліметінше, Қаржы министрлігі санкцияларды күшейту туралы хабарландыруды кем дегенде үш рет кейінге қалдырған.

Бұған дейін Тегеран билігі АҚШ-пен ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздерде ілгерілеу бар екенін хабарлаған еді.

2 маусым, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.