Атырау, 26 желтоқсан 04:41
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Латвия стратегиялық нысандарға жақын үйі бар ресейліктерге елге кіруге тыйым салды

463 рет қаралды

Соңғы жылдары Латвияның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі ел аумағындағы стратегиялық маңызды нысандарға жақын орналасқан жылжымайтын мүліктерге иелік ететін бірнеше Ресей азаматын тексерген, деп хабарлайды Коммерсантъ.

Тексеру нәтижесінде кейбір ресейліктердің Латвия ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін екені анықталған. Осы себепті қауіпсіздік қызметінің ұсынымымен бұл азаматтар шетелдіктердің «қара тізіміне» енгізіліп, оларға Латвияға кіруге тыйым салынды. TV3 жергілікті арнасы хабарлағандай, тізімге нақты қанша ресейлік енгізілгені айтылмайды.

2024 жылы Латвия билігі елде тұратын барлық Ресей азаматтарына латыш тілінен емтихан тапсыруды міндеттеді. Ал 2025 жылдың қаңтарында Латвияның Ішкі істер министрлігі Ресей мен Беларусь азаматтарының елдегі маңызды инфрақұрылым нысандарын басқару органдарында жұмыс істеуіне тыйым салуды ұсынды. Министрлік бұл бастаманы ұлттық қауіпсіздік туралы заңға енгізілетін түзетулер арқылы негіздеді. Онда ел мен қоғам үшін маңызды инфрақұрылымды қорғауды күшейту қажеттілігі көрсетілген.

Сондай-ақ, түзетулерде мұндай стратегиялық нысандардың иелеріне демократиялық мемлекеттердің егемендігіне қауіп төндіретін елдерді қолдауға тыйым салу қарастырылған.

2 маусым, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.