Атырау, 8 желтоқсан 15:35
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Назарбаев Мәскеуге сапары жеке, бейресми сипатта болды - Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы

437 рет қаралды
Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуі, Кремльдің видеосынан стоп-кадр

2 маусымда Нұрсұлтан Назарбаевтың сайтында тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың берген ақпараты жарияланды.

Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге сапары жеке, бейресми сипатта болғанын атап өтті.

"Қазақстанның тұңғыш президентін Ресей президенті Владимир Путинмен көпжылдық достық қатынастар байланыстырады. Бұл байланыстар мемлекеттік өкілеттіктердің бар-жоғына қарамастан сақталып отыр", - деп еске салды баспасөз хатшысы. 

Назарбаев Түркия, Қытай, БАӘ, Өзбекстан, Беларусь және т.б. елдердің президенттері сияқты бірқатар әлем көшбасшыларымен телефон арқылы сөйлесу, жеке хат алмасу және жеке кездесу арқылы байланысып отырады.

Мемлекеттік қызметте жоқ беделді саяси қайраткерлермен жеке кездесулер – қалыпты дипломатиялық тәжірибе. Мысалы, Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен күні Ресей президенті Жапонияның марқұм премьер-министрі Синдзо Абэнің жесір әйелі Акиэ Абэмен де кездескен болатын

Нұрсұлтан Назарбаевтың сапарына қатысты айтсақ, ол Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға шақырту алды. Объективті жағдайларға байланысты ресми салтанатқа қатыса алмады және Мәскеуге кейін жеке сапарымен келді, - деп түсіндірді баспасөз хатшысы.

А.Үкібайдың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев тұрақты түрде Қазақстанда тұрады. Елден кетті деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

2 маусым, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.