Атырау, 18 маусым 19:47
 дождьВ Атырау +31.9
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69

Қарағанды облысында екі жасар баланы пойыз қағып кетті

387 рет қаралды

Қарағанды облысында жүк пойызы екі жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды "Қазақстан Темір Жолы" компаниясының баспасөз қызметі. Оқиға 1 маусым Қарағанды-Ақадыр учаскесінде болған.

Компания өкілдерінің хабарлауынша, пойыз машинисі рельс үстінде баланы көргеннен кейін шұғыл тежеуді басқан. Қанша тырысқанымен бала жарақат алды, ата-анасы оны дереу Қарағанды қалалық балалар ауруханасына жеткізді. 

Бұл оқиға бойынша Қарағанды - Сұрыптау стансасының желілік полициясы тергеу амалдарын жүргізеді. 

«Қазақстан темір жолы» компаниясы ата-аналарды тағы да балалардың қауіпсіздігіне көбірек көңіл бөлуді ескертті. 

2 маусым 2025, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.