
Латвия парламентінде депутаттар тек латыш тілінде сөйлесуге міндеттелді. Сейм регламентке енгізілген жаңа түзетулерді түпкілікті мақұлдады, деп хабарлайды LSM+.
Бұл ережелер депутаттардың өзара қарым-қатынасына және қоғаммен байланысына қатысты. Енді парламент ғимаратында басқа тілдерді қолдану заң бұзушылық болып саналады.
Сонымен қатар, құжат парламенттік комиссия отырыстарына қашықтан қатысу мүмкіндігін қарастырады. Бұл тек төтенше жағдайлар немесе ерекше мән-жайлар кезінде рұқсат етіледі және комиссия төрағасымен алдын ала келісу қажет. Төрағаның өзі отырысқа міндетті түрде қатысуы тиіс.
Заңға депутаттарға қатысты қылмыстық қудалау мәселесіне байланысты нақтылаулар енгізілді. Енді депутат қызметке кіріспес бұрын басталған қылмыстық іс бойынша қудалауды жалғастыру үшін Сеймнің келісімі қажет.
В Атырау +4