Атырау, 8 желтоқсан 15:35
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Жалған дипломдарды анықтау шаралары күшейтілді

641 рет қаралды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлағандай, интернет кеңістігінде жалған дипломдар туралы ақпарат кеңінен таралуда. Олардың заңсыз айналымын болдырмау мақсатында ведомство 1991 жылдан бері берілген дипломдардың арнайы базасын құрды.

Министрліктің дерегінше, 2021 жылдан бастап еліміздің барлық жоғары оқу орындары өзіндік үлгідегі дипломдарды табыстай бастады. Бұл дипломдардың түпнұсқалығын Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы арқылы тексеруге болады. Сонымен қатар, 1991 жылдан бері берілген дипломдар кезең-кезеңімен цифрландырылып, бүгінде дерекқорға 3 миллионнан астам жазба енгізілген.

Ресми органдар жалған дипломдарды әзірлеу немесе қолдану заңмен қатал жазаланатынын ескертеді.

30 мамыр, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.