Атырау, 8 желтоқсан 16:20
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Бюджетке 50 млрд түседі: депутат көлік әйнегін күңгірттеуді заңдастыруды ұсынды

367 рет қаралды

Қазақстанда көлік әйнегін күңгірттеуге рұқсат берілуі мүмкін,  деп хабарлайды Kolesa.kz.

Осы мәселе бойынша ойын білдіріп, Respublica партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге сауал жолдады. 

Мәжіліс депутаты Қазақстанда алдыңғы әйнектерді қараңғылауға рұқсат беру тақырыбы бірнеше жылдан бері талқыланып жатқанын айтты. Бұл ақшаны жол инфрақұрылымын қалпына келтіруге, дамытуға, жөндеуге және күтіп ұстауға жұмсауға болады деді ол.

- Автопарктің 5 пайызы әйнек қараңғыласа және ол орта есеппен 50 АЕК тұрса, бюджетке жылына 50 миллиард теңгеден астам қаражат түсуі мүмкін, — деді О. Құспеков.

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елде 6 миллион 176 мың машина тіркелгенін, олардың 86.5 пайызы жеңіл көлік екенін есептеді.

Депутаттың Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде әйнектің жарық өткізгіштігі кемінде 70 % болса, алдыңғы бүйірлік әйнектерді күңгірттеуге болады деп жазылғанын атап өтті. Көрші елдердің тәжірибесінен мұндай жеңілдік тиімді екенін көре аламыз. Мысалы, былтыр Қырғызстанның бюджетіне 4 миллиард теңгеден астам қаражат түскен. Қазір Өзбекстан, БАӘ және Оңтүстік Кореяда автомобильге пленка жапсыруға рұқсат бар.

Мәжілісмен мынаны ұсынды:

  • Уәкілетті органдарға алдыңғы бүйірлік әйнектерді ақылы күңірттеу механизмін әзірлеуді тапсыру.
  • Арнайы қор құрып, ондағы қаражаттың жұмсалуын ашық бақылау.
  • Жарық өткізгіштік параметрлерін техникалық байқау мен өзге де реттеу механизмдері арқылы бақылауды қамтамасыз ету.
  • «Эконом», «Бизнес» және «Премиум» тарифтерін енгізу мүмкіндігін қарастыру.

Бұл тарифтердің бір-бірінен қандай айырмашылығы болатынын О. Құспеков нақтылаған жоқ.

Бір жыл бұрын Әкімшілік полиция комитеті Kolesa.kz редакциясына әйнек қараңғылауға қатысты сауалды мемлекеттік органдар қарастырғанын, комитет оған қарсы шыққанын хабарлады. Себебі пленка жүргізушінің жақсы көруіне кедергі болатындықтан, әсіресе, қараңғы уақытта апатқа түсу қаупі артады.

Қазір елімізде алдыңғы әйнектерді күңгірттеуге болмайды. 2025 жылы айыппұл мөлшері — 5 АЕК, яғни 19 660 теңге.

28 мамыр, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.