Атырау, 8 желтоқсан 04:32
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Сағызда тағы да атыс болды: үш адам жараланды, біреуі ауыр халде

1 708 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет

27 мамыр күні сағат түнгі 23.00 шамасында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы маңында бір топ адамның арасында қақтығыс болды. Бейресми мәлімет бойынша, оқиға далалықта болған. Өзара қақтығыстың соңы атысқа ұласып, салдарынан 39-40 жастағы үш адам жараланды.

Зардап шегушілер Мақат аудандық ауруханасына жеткізіліпті. Оның біреуінің жарақаты ауыр болуына байланысты санавиациямен Атырау облыстық ауруханаға жеткізілген.

Облыстық ДП баспасөз қызметі бұл факт бойынша қылмыстық іс көтерілгенін атап өтті. 

- Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Қазіргі уақытта қақтығысқа қатысушыларды анықтау және ұстау үшін кешенді шаралар қолданылуда. Тергеу басшылықтың тікелей бақылауына алынған, - дейді полиция хабарламасында. 

Айта кету керек, Сағыз ауылында бұдан төрт жыл бұрын дәл осындай оқиға орын алып, бір адам мерт болған еді

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 мамыр, 21:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.