Атырау, 14 ақпан 06:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

Шымкентте полицейлер жүргізушіден есірткі тәркіледі

419 рет қаралды
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері 250 грамм синтетикалық есірткі тасымалдаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz. 

- Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидатын жүзеге асыруды жалғастыруда. Халықаралық "Канал" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымы фактісін анықтады. Шымкент қаласында тоқтатылған автокөлікті тексеру барысында жүргізушіден а-PVP есірткі заты салынған орамдар табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 250 грамм. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

28 мамыр 2025, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.