Қытай экономикасына бірнеше фактор қауіп төндіріп тұр. Соның бірі жергілікті муниципалитеттің мемлекеттік қарызы, деп хабарлайды ресейлік Вести.
«Әзірге ешкім қарыздың көлемі қанша екендігін және оның салдары қандай болатындығын ешкім нақты айта алмайды. Үкімет өсімді арттыру үшін экономикаға қаржы құйғаны жағдайды ушықтырып жіберді», - деп көрсетілген хабарламада.
Осы айда басталған жалпыұлттық аудит ішкі қарыздың өсуін тоқтату үшін әрі ахуалды анықтап алу мақсатында жүргізілуде. Осылайша қытай қарызды басқару құралдарын жасап шықпақ.
Жергілікті билік қарыз мәселесімен ұзақ уақыт күрескенімен, үкімет нарықты ынталандыру үшін экономикаға қаржы құйғандықтан жағдай ушығып кетті. Түрлік деректерге қарасақ, 10,7 трлн юань қарыздың (1750 млрд доллар) 48,85% 2009-2010 жылдары қордаланып қалған.
Ескертуге қарамастан жергілікті әкімшіліктер банкрот болмау үшін қарызды ала берген болып отыр.
Бұған мемлекеттік кеңес те тыйым салған. Шенеуніктер арыз алудың айналма жолдарын тауып алған. Қарыздың өсуі банк жүйесіне әсер ете бастаған, көлеңкелі банк операциялар саны күрт артқан.
Заемдар көлемінің артуының салдарын ойламаған жергілікті әкім-қаралар оның қалай қайтарылатына бас қатырмай ала беруде.
Үкіметтен талап етілетіні қаржы нарығына көмегі қажет. Осы мақсатта облигациялар нарығының қалыпты өсуіне жағдай жасауы тиіс.
«Ең тиімді тығырықтан шығар жол қалалық әкімшіліктерге өз облигацияларын шығару. Нарық олардың нақты бағасын айқыендап береді. Бұл облигациялар жергілікті халыққа сатылады, олар өз кезегінде әлеуметтік және зейнетақы жинақтарының негізінде сатып алу туралы шешімді өздері қабылдайды», - деп көрсетілген жазбада.
Дереккөз: bnews.kz