Атырау, 21 мамыр 09:49
 ашықВ Атырау +22
$ 511.59
€ 575.28
₽ 6.33

Бурабайда катамаранмен серуендейміз деп, балалар жазым бола жаздады

343 просмотра

Ақмола облысы Бурабай ауданында катамаранға мінген екі баланы ТЖМ қызметкерлері құтқарып алды.

Бес бала Қатаркөл көлінің жағалауында иесіз қалған катамаранды тауып алып, түнгі уақытта оған мінген. Оқиға Ақмола облысының Бурабай ауданында орын алды. Жағадан бес метр жүзіп кеткенде үш бала қорқып, катамараннан өз бетінше жүзіп, жағаға жетті.

Катамаранда 2008 және 2014 жылы туған екі бала қалып қойды. Олардың біреуі жүзе алмады. Қатты желдің салдарынан катамаран жағалаудан 500 метр қашықтыққа алыстап кетті. Жағаға оралған балалар 112 нөміріне қоңырау шалып, құтқарушылардан көмек сұраған.

Суда құтқару жасағының қызметкерлері тепловизоры бар ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланып, балаларды тапты. Қайықпен жеткен құтқарушылар оларды жағаға жеткізіп, жедел медициналық жәрдем мамандарына тапсырды.

Кәмелетке толмағандардың ата-анасы ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады.

29 сәуір, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.