Атырау, 8 желтоқсан 19:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады

1 043 рет қаралды

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді, деп хабарлайды Ақ Орда.

Қазақстанда:


1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданады. Бұл – спортпен айналысатын азаматтарымыздың 13 пайызы.

Бұдан аталған спорт түрінің бұқаралық сипат алғанын көруге болады.

Футбол экожүйесін дамыту

Мемлекет басшысы:

 отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін қалыптастыру;

 клуб менеджментін дамыту маңызды екеніне назар аударды;

 Ұйыммен білім беру және тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы ықпалдастыққа қолдау білдірді. Бұл мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруды көздейді.

UEFA тарапынан қолдау

Александер Чеферин Қазақстанмен арадағы серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.

25 сәуір, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.