
Астанадағы Достық көшесінде жүргізуші рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
— Достық көшесінде жаяу жүргіншінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, Nissan маркалы көлікті басқарған жүргізуші рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен. Зардап шегуші қажетті медициналық көмек алу үшін ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.