Атырау, 1 қазан 19:45
 дождьВ Атырау +23.5
$ 440.86
€ 500.77
₽ 5.27

Шаяндардан құтылғың келсе, тарақандарды құрт

14 558 рет қаралды

Облыстық аурухананың мәліметі бойынша, күн сайын оларға шаян шаққан екі-үш адам көмекке жүгінеді екен.

- Біздің жер үшін шаяндар экзотикалық жәндік емес, - дейді облыстық аурухананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі Гүлмира ТІЛЕМІСОВА. – Медицинаның қазіргідей дамыған уақытында оның шаққаны өмірге соншалықты қауіпті емес, сондықтан пациенттер бізде амбулаторлық түрде ем алады.

Адамдардың қасындағы ұсақ мақұлықтардың – тышқандардың, атжалмандардың, шаяндар мен тарақандардың, т.б. көбейіп кетуіне қалдықтардың көбейгені себеп болуда. Шаяндар болмауы үшін алдымен үй ішінде тазалық болуы керек және ең бастысы - шаяндардың сүйікті азығы тарақандардан құтылу керек. Ал улау үшін тарақандар мен өзге де жәндіктерге қолданылатын препараттар да жақсы көмектеседі.

- 2010 және 2011 жылдары қарақұрт шаққан жағдайлар кездесті – бұл шынымен де аса қауіпті, - дейді облыстық аурухананың токсикологиялық бөлімінің штаттан тыс меңгерушісі Бауыржан РАХМЕТОВ. – Дер кезінде медициналық көмек көрсетілмеген болса, соңы қайғылы жағдайға да соқтыруы мүмкін. Бақытымызға орай, ондай жағдайлар тіркеле қоймады.
Анастасия ПАСТУХОВА

22 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.