Атырау, 8 желтоқсан 20:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Испания «Көкжиде» жерасты су орнын зерттеуге грант бөледі

278 рет қаралды
Су ресурстары министрінің Испания делегациясымен кездесу сәтінен архивтік сурет

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі Ақтөбе облысындағы «Көкжиде» жерасты су орнынан Қазақстанның батыс өңірлерін ауыз сумен қамтамасыз ету жобасын әзірлеп жатыр. Кен орнындағы таза судың қоры тәулігіне 173,4 мың текше метр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Қазіргі таңда «Көкжиде» кен орнында зерттеу жұмыстары басталды. Су ресурстары және ирригация министрлігі испандық Xcalibur Smart Mapping компаниясымен кен орнында аэромагниттік түсірілім жүргізу туралы келісімге қол қойды. 

Жұмыс Испания Корольдігінің гранты есебінен жүргізіледі. Түсірілім су қоры мен контурлары туралы өзекті деректерді алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы мұнай өндірудің жерасты су орны суларына әсерін зерттеуге 250 млн теңге бөлді. Зерттеуді Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар 2025 жылдың желтоқсанында аяқталады.

23 сәуір, 08:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.