Атырау, 8 желтоқсан 21:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Шымкент әкімінің орынбасарына ота жасалды

319 рет қаралды

21 сәуір күні кешке Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке аңшы мылтығымен үш рет оқ атылды. Оқ оң жамбас пен иыққа тиген. Шабуыл жасаған күдікті ретінде әкімдікке қарасты «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС қызметкері Ернар Жиенбайұлы ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. 

- Шымкент қаласы әкімінің орынбасары оқ жарақатымен қалалық ауруханаға түсті. Оған шұғыл операция жасалды. Операция барысында қан кету тоқтатылды, жарақаттанудан болған зақым қалпына келтірілді. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Пациенттің жағдайы тұрақты, ауыр деп бағаланады. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында және барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр, - делінген Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратта.


22 сәуір, 09:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.