Атырау, 8 желтоқсан 21:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйеліне қатысты тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатыр

443 рет қаралды

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп жазады Қазақпарат.

- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сатыбалды Ғ.Қ. және басқа да тұлғаларға қатысты «VOSTOCHKA» көпфункционалды тұрғын үй кешенін салу кезіндегі заңсыз әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаймыз, - делінген агенттік тілшісінің сауалына берген жауабында.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жарияланбайды.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың тамызында сот кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы зайыбы Гүлмира Сатыбалдыны үш бап: бас бостандығынан заңсыз айыру, бопсалау және озбырлық бойынша кінәлі деп таныған болатын.

Ол мүлкі тәркіленіп, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның көмекшісі әрі жүргізушісі Мәди Батыршаев та заңсыз бас бостандығынан айыру үшін кінәлі деп танылып, 9 жылға сотталды. 2023 жылдың көктемінде Гүлмира Сатыбалды мен оның қарамағындағыларға тағы бір іс бойынша үкім шықты. Ол үш бап бойынша 7 жылға сотталды. Онымен бірге Мәди Батыршаев та 7 жылға бас бостандығынан айырылды.


21 сәуір, 18:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.