
Қарағанды Полиция басқармасы бастығының орынбасары Құсаинов Бекжан Төлеуұлы жол апатына ұшырап, қаза тапты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды Полиция департаментінің мәліметінше, Бекжан Құсайынов еңбек демалысында болған кезінде өз көлігімен жол апатына түскен. Оқиға Қарқаралы маңында болған.
Бекжан Төлеуұлы 30 жылдан астам өмірін қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қорғауға арнаған.
Ол әр жылдары жауапты лауазымдарда қызмет етіп, кейінгі жылдары қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымында еңбек еткен.
В Атырау -2