Атырау, 8 желтоқсан 21:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Ақтауда бойдақтар кеші өтті

488 рет қаралды

Ақтау қаласында Айша есімді қыздың ұйымдастыруымен бойдақтардың бағын ашып, таныстыру мақсатында бойдақтарға арналған кеш өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.

Айша алдымен әлеуметтік желі арқылы Ақтау қаласында бойдақтар кеші өтетінін хабарлап, қатысушылардан ақша жинап, банкет ұйымдастырған. Ақтаудың бойдақтары да осы сәтті күтсе керек, біршама бойдақтар жиналған. Келген қонақтарға «Aisha tanysu alany» мөрін соғып, тізіммен кіргізген. Ішімдіксіз өткен тойға қатысқан бойдақтар туралы дерек жоқ, бірақ ұйымдастырушы Айша өз парақшасында ақпараттарымен бөлісіп отырды.

Айшаның айтуынша, бойдақтарға арналған кеш өте жоғары деңгейде өткен. Тіптен кештің ұнағанын айтып, көптеген жұптар шыққанын хабарлады.

21 сәуір, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.