
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі емшаралар кабинеттерде қызмет алу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға аса мән беруге кеңес береді. Себебі соңғы бір жылдан астам уақытта науқастар өзіне ыңғайлы жерден ем аламын деп аяқ асты қатеге ұшырап жатқан жағдайлар жиілеп кетті.
2024 жылдан бастап 2025 жылдың I тоқсанына дейін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне рәсімдік медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты азаматтардан 7 өтініш түсті.
Осы өтініштердің әрқайсысы бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижесінде келесі бұзушылықтар анықталды:
* Тиісті лицензиясыз медициналық қызметті жүзеге асырудың 4 фактісі;
* Сертификатталған мамандарсыз рәсімдік қызмет көрсетудің 3 жағдайы;
* Дәрілік заттарды сақтау шарттарын бұзудың 2 фактісі.
Тексеру қорытындысы бойынша Комитеттің аумақтық департаменттері әкімшілік жауапкершілік туралы хаттамалар жасады, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1 млн теңгеден асты.
Өліммен аяқталған жағдайларда Жамбыл облысында қосымша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, олардың барысында дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сақтау қағидаларының өрескел бұзушылықтары анықталды. Осы жағдайлар бойынша материалдар одан әрі тергеу үшін құқық қорғау органдарына берілді.
Бұл өңірде жұмыс істеп тұрған 107 емшара кабинетінің 42-сі ғана дәрігерге дейінгі медициналық көмекті жүзеге асыруға лицензиясы бар екені алаңдайтын жағдай.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға қатаң кеңес береді:
* емшаралық медициналық қызметтерге тек лицензияланған медициналық ұйымдарға хабарласу;
* қызметкерлердің лицензиясы мен біліктілігінің болуын нақтылау;
* тиісті дәрігерлік бақылаусыз үйде медициналық рәсімдерді жүргізуге жол бермеу.
В Атырау -2