Атырау, 8 желтоқсан 21:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Қазақстан экспорты өсіп келеді: екі айда сауда айналымы 19 млрд $ құрады

362 рет қаралды

Ресми статистикаға сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 19,016 миллиард АҚШ долларын құрады.

Олардың ішінде:

Экспорт – $10,755 млрд
Импорт – $8,261 млрд
Осылайша, осы кезеңдегі сыртқы сауда сальдосы жақсы көһрсеткішке жетіп, 2,4 млрд доллардан асты.

Экспорт бойынша ТОП 5 серіктес ел:

Италия – 26,7%
Қытай – 15%
Ресей – 9,5%
Нидерланды – 5,2%
Түркия – 5,1%

Импорт бойынша ТОП 5 серіктес ел:

Қытай – 28,8%
Ресей – 28,5%
Оңтүстік Корея – 4,7%
Германия – 4,1%
АҚШ – 2,9%

Қазақстан нені экспорттайды?

Қазақстанның негізгі экспорттық позицияларының ішінде:

  • шикі мұнай және мұнай өнімдері,
  • тазартылған мыс және мыс қорытпалары,
  • кендер мен мыс концентраттары,
  • ферроқорытпалар,
  • бидай және меслин.

Елге не импортталады?

Негізгі импорттық өнімдер:
  • жеңіл автокөліктер,
  • автокөліктерге арналған шанақтар,
  • дәрілер,
  • телефондар,
  • мұнай газдары және басқа көмірсутектер.
17 сәуір, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.