Атырау, 29 қазан 18:08
 дождьВ Атырау +18.1
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67

​Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

624 рет қаралды
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Президент митрополит Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл оның Қазақстандағы қызметіне 15 жыл толуына орай, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы еңбегі үшін беріліп отыр.

17 сәуір 2025, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.