
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Осыған байланысты Дархан Кәлетаевң Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", делінген жарлықта.
Төлежан Барлыбаев 1970 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған. Ол 1992 жылы Мәскеудегі Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетін аяқтаған.
Еңбек өтілімі:
- ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінің қызметкері (1993-2007);
- ҚР Украинадағы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы (1994-1997);
- ҚР СІМ Сыртқы саяси іс-шараларды ақпараттық талдау және жоспарлау басқармасының бірінші хатшысы (1997-1998);
- ҚР Украинадағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі (1998-2002);
- ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің жалпы саяси мәселелер бөлімінің бастығы, ҚР Сыртқы Істер Министрі Хатшылығының талдау бөлімінің бастығы (2002-2003);
- ҚР СІМ Халықаралық-құқықтық департаменті халықаралық шарттар басқармасының бастығы (2003);
- Польша Республикасындағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі (2003-2007);
- ҚР Президенті Әкімшілігінің ЗТБ бас инспекторы (2007-2008);
- ҚР Президенті Әкімшілігінің ЗТБ меңгерушісі (2008-2009);
- ҚР Президенті Әкімшілігінің ОӘО меңгерушісінің орынбасары (2009-2012);
- Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (2012-2017);
- Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (05.2017-30.03.2022);
- Қазақстан Республикасының Босния мен Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (04.05.2018-30.03.2022);
- Қазақстан Республикасының Словакиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (30.03.2022-15.11.2024).
В Атырау -2