Атырау, 8 желтоқсан 22:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сот басталды

457 рет қаралды

17 сәуірде Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша басты сот талқылауы басталды. Сот отырысы барысында судья Ержан Жанұзақов сотқа қатысушыларды бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат бермеуге шақырды. 

"Сот ашық өтіп жатыр, баспасөз өкілдері қатыса алады, тікелей трансляция ұйымдастырылған. Осыған орай, жалған немесе бұрмаланған ақпараттың таралуын болдырмас үшін қатысушыларды сұхбат бермеуді сұраймыз. Кейбір жағдайларда бұл сотқа қысым ретінде қарастырылуы мүмкін", - деп атап өтті сот.

Еске сала кетсек, атышулы қылмыстық іс қоғамдық резонанс тудырып, құқық қорғау ұйымдарының назарын аударды.

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-арнасынан көре аласыздар.

17 сәуір, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.