Атырау, 8 желтоқсан 22:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары ауысты

215 рет қаралды
Сурет: Akorda.kz

Қазақстан президенті Қазақстан халқы Ассамблеясының басшылығына қатысты кадрлық өзгеріс жасады: Төрағаның екі орынбасары жұмыстан босатылып, орнына жаңа адамдар тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. 

Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды.

Олардың орнына Расул Сурмалиевич Ахметов және Дмитрий Валерьевич Останькович тағайындалды.

Расул Ахметов - ҚХА қарасты "Жарасым" республикалық жастар ұйымының төрағасы. ал Дмитрий Останькович - "Родны кут" белорустар мәдени орталығы қауымдастығының төрағасы. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы – ел президентінің жанындағы  қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталғанконсультативтік-кеңесші орган.


17 сәуір, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.