Атырау, 8 желтоқсан 22:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

К​ондитерлік өнімдерді сатушының тауарды әртүрлі бағамен сатқан дерегі тергеледі

253 рет қаралды
Chat GPT жасаған сурет

Павлодар облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті «КДВ Қазақстан» ЖШС-ге қатысты үстемдігін асыра пайдалану белгілері бойынша тергеуді бастады.

Компания қызметіне жүргізілген талдау нәтижесінде мекеменің тауарларға әртүрлі баға қойғаны анықталды. Нақтырақ айтқанда, кондитерлік өнімдерді сату келісімшартына түрлі баға мен талап қолданған. Мұндай фактілер антимонополиялық заңнаманың бұзылуын көрсетуі мүмкін.

Бұған дейін монополияға қарсы орган «КДВ Қазақстан» ЖШС-не анықталған заң бұзушылық белгілерін ерікті түрде жою туралы хабарлама жолдады. Ол орындалмаған соң, тергеу ісі қозғалды.

Тергеу барысында компания әрекетіне құқықтық баға беріліп, жеткізу шарттарын дифференциалаудың объективті негізі болу-болмауы қаралады.

16 сәуір, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.