Атырау, 8 желтоқсан 21:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Пренаталды скринингпен қамту 90%-ды құрап, Қазақстанда нәресте мен ана өлімі азайды

257 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Босандыру қызметі мамандарының білікті әрі үйлесімді жұмысының арқасында 2024 жылы 367 мың әйел сәтті босанды. Пренаталды скринингпен қамту 90%-ды құрады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі. 

Жаңа медициналық технологияларды енгізу және хаттамаларды жетілдіру неонаталды өлім-жітімді 19%-ға төмендетуге, сондай-ақ соңғы 10 жылда нәрестелердің шетінеп кетуін 6,7%-ға және ана өлімін 11,4%-ға азайтуға мүмкіндік берді. Туа біткен ақауларды ерте анықтау үлесі 10%-ға өсті. 

Генетикалық аурулар мен туа біткен ақауларды ерте анықтау мақсатында 15 перинаталды орталықта «Бір күндік клиникалар» ашылды. Бүгінгі таңда 50 мыңнан астам жүкті әйел тексеруден өтті. Нәтижесінде, 7 мыңнан астам әйелде ұрықтың дамуындағы ақаулар анықталды. Перинаталды орталықтар базасында «Ұрық медицинасы» жобасы да жүзеге асырылуда, оның шеңберінде 37 жатырішілік ота жасалды.

Жастар мен бала тууға қабілетті жастағы әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау мақсатында арнайы іске қосылған «Аналар саулығы» бағдарламасы шеңберінде жүктілікті жоспарлаған әрбір әйел денсаулық жағдайын анықтау үшін медициналық тексеруден өтуіне мүмкіндік жасалды. Акушерлік-гинекологиялық көмектің 25 клиникалық хаттамасы өзектендірілді.

Акушерлік салада инновациялық технологиялардың үш түрі енгізілді. Мамандардың біліктілігін арттыру шеңберінде 2 мыңнан астам акушер-гинеколог, 400 реаниматолог оқытылды және 100 үйлестіруші даярланды

Босандыру және ана мен балаға көрсетілер қызметті дамытумен қатар, мемлекеттің жүйелі күш-жігері амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталған.

Денсаулық сақтау министрлігі халықтың сапалы және қауіпсіз дәрілік заттарға үздіксіз қол жеткізуі үшін бірқатар қадам қабылдады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 2,9 млн науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Дәрі-дәрмектерді тиімді пайдалану үшін стационарларда 78 госпитальдық фармация бөлімшесі ашылды. Препараттарды қабылдауды дербестендірілген есепке алудың жаңа әдістемесі енгізілді.

Дәрі-дәрмектердің шекті бағалары мен үстемелерін реттеу ережелеріне өзгерістер енгізілді, бұл амбулаториялық қамтамасыз ету шеңберінде де, бөлшек дәріхана желісінде де дәрілік заттардың құнын төмендетуге мүмкіндік берді. 

16 сәуір, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.