Атырау, 23 сәуір 17:49
 ашықВ Атырау +17
$ 518.07
€ 595.21
₽ 6.37

Черногория соты Дина Таңсәріні экстрадициялаудан бас тартты

273 просмотра
Сурет: Instagram, Dina Smailova

Бас прокуратура Черногория Жоғарғы сотының «НеМолчи.kz» қорының басшысы Дина Таңсәріні Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартуына қатысты мәлімдеме жасады. деп жазады Информбюро.

Бақылаушы органның хабарлауынша, ІІМ Интерпол арқылы Смаилованың Черногорияда жүрген орны анықталды. Осыған байланысты Бас прокуратура оны экстрадициялау туралы осы елдің уәкілетті органдарына сұрау жолдаған. Алайда Черногорияда оны экстрадициялаудан бас тартты, себебі екі ел арасында экстрадициялау туралы халықаралық келісім рәсімделген жоқ. 

"Қазіргі уақытта Қазақстан мен Черногория арасында экстрадициялау туралы халықаралық шарт жоқ. Осыған байланысты аталған шет мемлекет Смаилованы беруден бас тартты." – делінген хабарламада.

Соттың шешіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары оны қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстарды жалғастырады.

15 сәуір, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.