
Байланыс саласында бұрынғы серпін бәсеңдеді. 2025 жылдың қаңтар–наурыз айларында байланыс қызметтерінің нақты көлем индексі – 99,6%, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен (109,5%) төмен. Сонымен қатар, түсім көлемі артқанымен – 350,4 млрд теңге (бір жыл бұрын – 325,8 млрд), көрсетілетін қызмет көлемінің физикалық тұрғыда төмендегені байқалады, деп жазады economykz.org.
Түскен табыстың құрылымы мынадай: интернет қызметтері – 58 %, басқа телекоммуникациялар – 15,9 % және ұялы байланыс – 15,4 %. Абоненттер саны – 26,3 млн, бірақ интернетке қолжетімділігі барлары – тек 18,8 млн.
Фиксингтелген интернетті 3,2 млн адам қолданса, қалалық телефон желілері 2,36 млн-ға дейін қысқарған.
Өңірлік бөліністе Алматы (191,7 млрд теңге) мен Астана (90,6 млрд) әдеттегідей нарықтың негізгі үлесін иеленуде. Қалған өңірлерде өсім тұрақты, бірақ мардымсыз – 5–10%шамасында.
Курьерлік және пошталық қызметтердің көлемі – 20,3 млрд. теңге, бұл 2024 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға төмен. Қызмет көрсету индексі – 99,9%. Құн мен көлем тұрғысынан да айтарлықтай өзгеріс жоқ. Нарық тоқырау кезеңіне жетіп, жаңа қозғаушы күштерден айырылған.
Түсімнің өсуіне қарамастан, қызмет көлемінің физикалық төмендеуі мен жеткізу секторындағы стагнация бұрынғы серпіннің таусылғанын көрсетеді.
Сала жаңғыртуды, технологиялық жаңашылдықты және қызмет түрлерін әртараптандыруды қажет етеді. Әйтпесе, 2025 жыл даму емес, кері кетудің жылы болуы мүмкін.