Атырау, 25 сәуір 00:13
 ашықВ Атырау +22
$ 517.16
€ 588.48
₽ 6.23

Олжас Бектенов пен Chevron басшысы Теңізде өнеркәсіп кластерін құру мәселесін талқылады

220 просмотра



Премьер-министр Олжас Бектенов Chevron компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен мұнай өндіру және мұнай өңдеу саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Ukimet.

Тараптар қолданыстағы бірлескен жобаларды іске асыруды, KPI алғашқы полипропилен зауыты жұмысы мен қуаттылығы жылына 1,25 млн тонна өнім өндіретін ірі полиэтилен кешенін салу аясында отандық мұнай-газ химиясын дамыту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ Қарашығанақ кен орнында қуаттылығы жылына 4,5 млрд текше метр шикі газ өндіретін жаңа газ өңдеу зауытын салу мәселелері қаралды.

Теңіз кен орнында Келешек кеңейту жобасын (ККЖ) іске асыруға назар аударылды. Олжас Бектенов ішкі қосылған құнды ұлғайтуға бағдарланған Теңіз базасында өнеркәсіптік кластерді дамыту арқылы жергілікті қамтуды одан әрі ұлғайту қажеттігін атап өтті. Бұл шағын және орта бизнестің дамуына үлкен серпін береді. Сонымен қатар Энергетика министрлігінің ұсынымдарын ескере отырып, Теңіз қорларын ұтымды игеру үшін жобалық шешімдерді өзектендіру, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қолдау жөніндегі бағдарламаны дайындау қажеттілігі атап өтілді.

Сондай-ақ мұнай тасымалдау бағыттарын әртараптандыру және энергоресурстарды жеткізудің жаңа тізбектерін құру мәселелері талқыланды.


14 сәуір, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.