Атырау, 27 сәуір 02:22
 ашықВ Атырау +22
$ 515.03
€ 584.82
₽ 6.24

Шетелге заңсыз қаржы шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

225 просмотра
Фото: freepik.com


Ақтау қаласының прокуратурасы ҚР 1,8 млн АҚШ долларын валюталық заңнаманың талаптарын бұза отырып шетелге шығарған «Б» компаниясына қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулысына өтінішхат келтірді, деп хабарлайды Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
 
Прокурордың өтінішін қарау нәтижесінде облыстық сот алқасы бұрын қабылданған шешімнің күшін жойып, компанияны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
 
Сот валюталық түсімді уақтылы репатриацияламағаны үшін компанияға 153 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
 
Қабылданған шешім валюталық операцияларды реттейтін заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтау маңыздылығын растайды және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған.
 
Прокуратура заңдылықтың сақталуын қадағалау және елдің экономикалық қауіпсіздігін қорғау бойынша жүйелі жұмыстарын жалғастырады.

14 сәуір, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.