Атырау, 24 сәуір 14:23
 ашықВ Атырау +17
$ 518.34
€ 591.06
₽ 6.27

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау – басымдық

123 просмотра
Фото: freepik.com

Ақтөбе облысының прокуратурасы жүргізілген талдау нәтижелері бойынша 300-ден астам азаматтың конституциялық құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
 
Заңнамаға сәйкес еңбек шарттары қызметкер зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін, қызметкерді кемінде бір ай бұрын хабардар ете отырып, бір лауазымдық жалақы мөлшерінде өтемақы төлеумен бұзылады.
 
Облыс аудандарының білім бөлімдері ұжымдық шартта көрсетілген бір лауазымдық жалақы (тарифтік мөлшерлеме) мөлшерінде өтемақы төлемейтіні анықталды.
 
Мысалы, Шалқар ауданының білім бөлімі 116 қызметкерге жалпы сомасы 12 млн теңгеден асатын бір лауазымдық жалақы мөлшерінде өтемақы төлемеген.
 
Осындай бұзушылықтар Мәртөк, Алға, Әйтекеби және Мұғалжар аудандарында да анықталды.
 
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 300-ден астам қызметкердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді, жалпы сомасы 20 млн теңгеден астам өтемақы төленді.
 
Бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

14 сәуір, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.