Атырау, 18 сәуір 00:21
 ашықВ Атырау +21
$ 523.20
€ 594.30
₽ 6.38

​Қазақстанда жаңа халықаралық әуе бағыттары​ ашылып жатыр

741 просмотра

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті тұрақты негізде жаңа халықаралық әуе бағыттарын ашу жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасынан 28 елге халықаралық әуе қатынасы орнатылған, барлығы 121 бағыт бойынша аптасына 660 рейс орындалады. 

Осылайша, «SCAT» әуе компаниясы биыл Шымкент қаласының әуежайынан келесі жаңа халықаралық бағыттарды ашуды жоспарлап отыр:

27 мамырдан бастап: 
Шымкент – Будапешт (Венгрия), аптасына 2 рейс;
Шымкент – Мюнхен (Германия), аптасына 3 рейс;
28 мамырдан бастап: 
Шымкент – Сиань (Қытай), аптасына 2 рейс;
29 мамырдан бастап: 
Шымкент – Каир (Мысыр), аптасына 2 рейс;
Шымкент – Шанхай (Қытай), аптасына 2 рейс;
Шымкент – Сеул (Корея), аптасына 2 рейс;
30 мамырдан бастап: 
Шымкент – Үрімші (Қытай), аптасына 2 рейс.

«Air Astana» әуе компаниясы да бірнеше жаңа халықаралық бағыттарды іске қосуды жоспарлауда:
30 наурыздан бастап ашылды:
Алматы – Гуанчжоу (Қытай), аптасына 3 рейс;
Алматы – Нячанг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;
31 наурыздан бастап ашылды: 
Астана – Нячанг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;

Жоспарда:
20 сәуірден бастап: Алматы – Мумбай (Үндістан), аптасына 3 рейс;
14 мамырдан бастап: Астана – Дананг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;
27 мамырдан бастап: Атырау – Тбилиси (Грузия), аптасына 3 рейс;
28 мамырдан бастап: Алматы – Ош (Қырғызстан), аптасына 4 рейс;
31 мамырдан бастап: Атырау – Баку (Әзірбайжан), аптасына 3 рейс;
1 маусымнан бастап: Алматы – Франкфурт (Германия), аптасына 3 рейс;
4 маусымнан бастап: Алматы – Дананг (Вьетнам), аптасына 2 рейс.

«Qazaq Air» әуе компаниясы ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап Астана – Түркістан – Самарқанд жаңа халықаралық бағытын аптасына 2 рейс жиілігімен іске қосуды жоспарлап отыр.

«Fly Arystan» әуе компаниясы биылғы жылы келесі жаңа бағыттарды ашуды жоспарлап отыр:
18 мамырдан бастап: 
Алматы – Инин (Құлжа), аптасына 2 рейс;
4 маусымнан бастап:
Қарағанды – Ыстанбұл (Түркия), аптасына 2 рейс.

Сондай-ақ, бірқатар шетелдік әуе компаниялары Қазақстан Республикасына жаңа рейстер ашуда:
«Eastar Jet» (Корея):
7 сәуірден бастап Сеул – Алматы бағыты ашылды, аптасына 2 рейс;
Ағымдағы жылдың көктем-жаз маусымында Пусан – Алматы бағыты ашылады, аптасына 2 рейс;
«TWay» (Корея):
Ағымдағы жылдың көктем-жаз маусымында Сеул – Астана бағыты, аптасына 2 рейс; 
«Spice Jet»:
Ағымдағы жылдың көктем-жаз маусымында Дели – Алматы бағыты, аптасына 4 рейс; 
«Air Cairo» (Мысыр):
3 сәуірден бастап Шарм-эль-Шейх – Қостанай бағыты ашылды, аптасына 1 рейс;
13 сәуірден бастап Хургада – Алматы бағыты, аптасына 2 рейс;
«Thai Air Asia X» (Таиланд):
2025-2026 жылдардағы күз-жаз маусымында Бангкок және Пхукет қалаларынан Алматыға бағыттар жоспарланған.

Жаңа әуе бағыттарының ашылуы жолаушылар үшін таңдау мүмкіндігін арттыруға, әуе тасымалы нарығындағы бәсекелестікті күшейтуге ықпал етеді. Бұл өз кезегінде тасымал бағасына оң әсер етіп, қызмет көрсету сапасының артуына мүмкіндік береді, деп атап өтті Көлік министрлігі.


11 сәуір, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16