Атырау, 8 желтоқсан 21:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Сапасыз стоматологиялық қызмет: тұтынушылар құқығы қандай?

870 рет қаралды
Сурет: freepik.com

2025 жылдың ақпан айында Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне азамат стоматологиялық қызмет сапасына қатысты шағым түсірді. 

Қатты тіс ауруымен клиникаға барған тұтынушыға бірнеше күрделі процедура жасалғаннан кейін оның жағдайы нашарлап, дене қызуы көтеріліп, ауырсыну күшейген.

Тіс жұлынғаннан кейін тұтынушының жағдайы ушығып, температурасы көтеріліп, инфекция белгілері пайда болды. Клиника тұтынушының шағымдарын елемей, антибиотиктер тағайындаудан бас тартқан. Ауыр жағдайға тап болған азамат хирургиялық бөлімге жүгініп, оған "Флегмона және абсцесс" диагнозы қойылды. Кейін оған инфекция ошағын тазарту операциясы жасалып, антибиотиктер тағайындалды.

Тұтынушының құқықтарын қорғау туралы заңға сәйкес, азамат сапасыз қызмет үшін келесі әрекеттерді талап етуге құқылы:

  • Қызмет сапасын тегін жақсарту;

  • Төленген ақы мөлшерін азайту;

  • Сапалы қызметті қайта көрсету немесе басқа ұқсас материал дайындау;

  • Шығындарды өтеу немесе шартты бұзу.

Шағымға жауап бермеген стоматологияға жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, әкімшілік хаттама жасалды. Сонымен қатар, клиникаға бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.

11 сәуір, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.