Атырау, 8 желтоқсан 22:52
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімі арзандады

832 рет қаралды

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1–8 сәуір аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 0,2%-ға өсті.

Негізгі қымбаттау маусымдық көкөністерге тиесілі: қырыққабат – 6,8%, сәбіз бен пияз – 2,7%, картоп – 1,6%. Қант, күнбағыс майы, ет бағасы да сәл көтерілді. Ал сүт, ұн, айран, күріш, қарақұмық, жұмыртқа, сары май мен макарон арзандады.

Көкөніс бағасының өсуі маусымдық сипатқа ие. Нарықты қолжетімді өніммен қамтамасыз ету үшін Қытай мен Пәкістаннан 15 мың тонна картоп, Өзбекстаннан 3 мың тонна қырыққабат әкелінді. Бұл шаралар бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

20 сәуірде Түркістан облысынан алғашқы қырыққабаттың сауда орындарына жеткізілуі күтілуде. Сондай-ақ, жақын күндері Түркістан өңірі мен көршілес оңтүстік елдерден жаңа өнімдер де келеді.

11 сәуір, 13:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.