Атырау, 8 желтоқсан 22:52
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Министрлік пен Yandex:ЖИ бойынша оқыту семинары өтті

711 рет қаралды
gov.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Yandex Qazaqstan-мен бірлесіп Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері мен басшылары үшін жасанды интеллект бойынша оқыту семинарын ұйымдастырды.

Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің жаңа технологиялар саласындағы біліктілігін арттырудағы маңызды қадам болды. Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллект саласындағы соңғы жетістіктермен танысуға, сондай-ақ мемлекеттік басқару мен білім беру процестерінің түрлі салаларына ЖИ енгізуге байланысты мүмкіндіктер мен сын-тегеуріндерді талқылауға бірегей мүмкіндік алды.

Семинарға жасанды интеллект бойынша Yandex Qazaqstan және Data Science сарапшылары қатысты. Спикерлер жасанды интеллект саласындағы заманауи тәсілдер мен технологиялар, сондай-ақ әртүрлі салаларда ЖИ қолданудың практикалық аспектілері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ал Қазақстандағы мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі директор Мейірбек Мұқатов инновациялық технологияларды тиімді енгізу және оларды қоғам игілігіне қолдану үшін мемлекеттік құрылымдардың жеке компаниялармен ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі өз қызметкерлерінің цифрлық құзыреттілігін жақсарту және жетекші технологиялық компаниялармен әріптестік қатынастарды нығайту бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Семинар аясында білім беру және ғылыми процестерге жасанды интеллектіні әзірлеу және енгізу, сондай-ақ ЖИ пайдалану кезіндегі этика және қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Министрлік Yandex Qazaqstan компаниясына іс-шараны ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғысын білдіреді және болашақта нәтижелі ынтымақтастықты жалғастыруға үміттенеді.

11 сәуір, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.