
2024 жылдың қараша айында Ерейментау ауданы прокуратурасының нұсқауы бойынша полициямен ауланы аралау барысында марихуана өсіру бойынша жасырын фито-зертханасы анықталды, деп хабарлайды Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, ауданның 36 жастағы тұрғыны жалдамалы үйде марихуана өсірумен айналасатыны анықталды.
Үйді тінту кезінде қарасора бұталары бар 59 құмыра, марихуана тұқымдары, электронды таразылар, ультракүлгін шамдар, термометрлер, жылытқыштар, салқындатқыштар және басқа жабдықтар табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкестінту барысында алынған өсімдіктерде есірткі заттары анықталған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кінәлі тұлға мойындау айғақтарын беріп, прокурормен іс сотқа жіберілген.
Аудан сотының үкімімен ол қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
В Атырау -1