Атырау, 8 желтоқсан 22:53
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

ЕАЭО елдері арасында ең арзан күнбағыс майы Қазақстанға тиесілі

494 рет қаралды
Фото: freepik.com

2025 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Майлы дақылдарды өңдеушілердің ұлттық ассоциациясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру шараларын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы келісімге келді.

Меморандумның негізі – тараптардың баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға деген өзара мүдделілігі.

Меморандум аясында Майлы дақылдарды өңдеушілердің ұлттық ассоциациясы өндіріс және халыққа бөлшек саудада сатылым үшін өндірушілерден бағаларды тұрақтандыру міндеттемесін өз мойнына алды.

Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өңдеу қуаттарын арттыру мақсатында шикізат базасын ұлғайтуды ынталандырады.

Сауда және интеграция министрлігі меморандум аясында баға мониторингін жүргізіп, күнбағыс майын экспортқа ілгерілету  бастамасын көтереді және ел ішіндегі нарықта күнбағыс майын сату кезінде сауда үстемесін сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді.

Осы сияқты меморандумдар бұған дейін де бірнеше рет жасалып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша бизнеспен келісімдер жасауға мүмкіндік берді.

Қабылданып жатқан шаралардың арқасында, әлемдегі күнбағыс майы бағасының өсу тенденцияларына қарамастан, елімізде күнбағыс майының бағасы тұрақты әрі ЕАЭО елдері арасында бағаны ең төменгі деңгейде сақтап отыр.

10 сәуір, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.