
Маңғыстау облысында атышулы іс бойынша сот үкімі шықты: Ақтау қалалық сотының бұрынғы төрағасы Бауыржан Шайдуллин пара алуға итермелеу және алдау арқылы мүлікті ұрлауға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот анықтағандай, Шайдуллин делдал – сот орындаушысы арқылы жауапкерден 18 миллион теңге өндіріп алмақ болған. Бұл ақшаға ол оған қылмыстық іс бойынша қолайлы үкім шығаруға уәде берген.
"Қылмыс оған байланысты емес мән-жайлармен соңына дейін жетпеген. Алайда оның сыбайласы жәбірленушіден алдау арқылы 1 миллион теңге алған", - деп атап өтті сот.
Мұнайлы аудандық соты Бауыржан Шайдуллинді 9 жылға, оның сыбайласын 8 жылға бас бостандығынан айырды. Екеуі де мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан біржола айырылды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, Шайдуллиннің ұсталғаны туралы 2024 жылдың 7 маусымында белгілі болды. Арнайы операцияны Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп жүргізген. Кейінірек Антикор судьяның түрмеге қамаумен байланысты емес жаза беруге уәде беріп, сотталушыдан ақша алғанын растады.
В Атырау -1